Қарағанды облысының полицейлері халық үшін кез келген сәтте басын бәске тігуге дайын

Қарағанды облысында бір жылдың ішінде 6 полицей адам өміріне араша түсті. Тағы ондаған қызметкер тіпті өз-өзіне қол салмақ болғандарды құтқарып қалды. Қызыл жалын ортасында қалған адамды өрттен аман шыққандар қаншама. Олар кез келген сәтте басын бәйгеге тігетіндер. Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігіне жауапты тәртіп сақшылары бейнетті белшесінен кешеді. 

- Атылатын еш нәрсе жоқ па?

Сол күні қызметте жүрген полицейлердің қырағылығы болмағанда мал ғана емес, жанның да аман қалуы неғайбыл еді. Үйге іргелес орналасқан қора-қопсы отқа оранғанда үйдегілер шырт ұйқыда жатқан.

Гүлсім Ашамаева, Жұмабек ауылының тұрғыны:

- Сағат 4:30-5-тің шамасы кезінде қорамыз жанған. Оны біз білмей ұйықтап жатқанбыз. Кейін сол кісілердің арқасында малымыз бәрі аман қалды. Қорамыз бен шөп жанып кетті кісілерді оятып біреуі, біреуі өрт сөндірушілерді шақырып, енді бірі мал шығарып жатқан ғой. 3 жігіт болған. Сол үшеуіне алғысымыз көп. 

Қазір бұл күнді тек өртенген қораның орыны мен күйген қалдықтар еске салып тұр. Малмен күнелтіп отырған отбасының ірі қарасы өртеніп кетсе үлкен шығын болар еді. Тілсіз жаудан аман қалған төрт түліктің төлі қазір көбейіп келеді.

- Шағын қора болған, бәрі жанып кетті. Мына қаңқасы ғана қалды, оны да алып тастаймыз енді. Мал аман қалды қайта. Осы жігіттерге рақмет.

Жарқын Мұнтахин, облыстық ПД, Патрульдік полиция инспекторы:

- От лап ете қалды. Түнгі өрт қой, үстіңгі жақтан басталған. Біз келсек жанып жатыр екен. Содан үйде біреу бар ма деп, есік қағып, үйдің иесін көтеріп шығардық. Содан малын бәрін шығарып алдық. Өртті сөндіріп көмектестік. Үйге жетуі мүмкін еді. Арасы бір 3-4 метр ғана болды. 

Қырағы қызметкерлерді облыстық ПД басшысы жеке марапттап, әрбіріне есімі жазылған сағат сыйлаған. Ал тәртіп сақшылары болса «бұл күнделікті атқарып жүрген қызмет пен бетпе-бет келетін қауіптің бірі ғана болатын» дейді.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев