Еліміздің Қарулы Күштері былтыр 60 мыңнан астам маман даярлап шығарды

ҚР Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауынгерлердің әзірлігі мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісінде қол жеткізген табыстарға жоғары баға беретіндігін айтқан болатын. Осыған орай Отан қорғаушы күнінде Мемлекет басшысының қолынан  7 офицер генерал шенін алды.Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 әскери қызметшісі мен азаматтық персонал өкілдері мемлекеттік марапатқа лайықты деп танылды. 

Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бастаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары басшылық құрамы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен, «Мәңгі есімізде» монументіне гүл шоқтарын қоюмен еске алды. Сосын Қорғаныс ведомствосының басшысы жеке құрам алдында әскери қызметшілер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін қолдана отырып, Отан алдындағы конституциялық борышын беделді орындайтынын атап өтті. 

Серік Борамбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штаб бастығының орынбасары:

- Бүгін Ақордада Жоғарғы Бас қолбасшының қолынан жоғары әскери атақ генерал-майорды алып отырмыз. Алғысым шексіз бұл құрметке. Мен ойлаймын бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әрі Қарулы күштердің де 30 жылдығы тұсында бұл біздің жұмысымызға деген сенімділікті одан әрі арттырады. Әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. 

Бұл күні Ақордада еліміздің Бас қолбасшысының қолынан 7 офицер генерал шенін алды.

Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 әскери қызметшісі мен азаматтық персонал өкілдері мемлекеттік марапатқа лайықты деп танылды.

«Қарулы Күштердің барлық жеке құрамының қызметіне берілген осындай баға бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді Қорғаныс министрі.

Қуанышбек Үштаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы штабының бастығы:

- Менің бұл әскери өмірімде бұл ең маңызды күндердің бірі. Бүгін Жоғарғы бас қолбасшының қолынан генерал-майор әскери жоғары атағын алдым. Оның барлығы бізге деген аса жауаптылық, бізге деген жоғары басшылықтың көзқарасы деп ойлаймын.

Қарулы Күштерде 2020 оқу жылының өзінде 60 мыңнан астам маман даярланып, 74 мыңнан астам шара өткізіліпті. Асқан қырағылық пен даярлық жауынгер үшін әрқашан маңызды. Салтанатты шара соңында Қорғаныс министрі мемлекеттік наградалар мен мерзімінен бұрын берілген әскери атақтарды табыстады.

Автор: Нұрбек Байбосын