БҚО-да 38 соғыс ардагері мен 4 мыңнан астам тыл еңбеккері бар

Жеңіс күні Оралда да мазмұнды шаралар өтті.

Қоғамдық ұйым өкілдері майдангерлерге арналған ескерткіш пен мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті. Кейін ардагерлер тұратын үйлердің аулаларында концерт ұйымдастырды. Қазір облыста 38 соғыс ардагері және 4 мыңнан астам тыл еңбеккері бар.

Сағызбай Сирекешов, соғыс ардагері:

– Мереке күнімен құттықтап жатқандарыңа рақмет. Менің Ұлы Отан соғысында аспаннан жауған жаңбырдың тамшысындай ғана үлесім бар. Ұйымшылдығымызбен, халқымыздың бірлігімен соғыстың өртін сөндіруді жазды. Сіздер аман-есен болып, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын.

Мақсот Берген, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы:

- Кеңес одағының батыры бар. Соның ішінде бүкіл Азия елдерінен 3 әйел адам – Кеңес Одағының батыры. Оның үшеуі де – біздің Мәншүгіміз, Хиуазымыз, Әлиямыз. Осы батыстан шыққан. Соғысқа қатысқан азаматтар мен азаматшаларды өмір бойы ұмытпаймыз.