Шымкентте нан қымбаттады

Шымкентте нан қымбаттады

Шымкентте нан 5 теңгеге қымбаттады. Бұрын 80 теңгеден сатылған бөлке, енді 85 теңге болды. Алайда дүкендер мен базарларда баға әлі де құбылып тұр. Ұн мен майдың бағасы да тұрақталған жоқ. Мәселен, күнбағыс майының бағасы 2 есеге өсіп, ашытқы 40 теңгеге қымбаттап кеткен.

Жергілікті билік бағаны тұрақтандыру үшін арнайы келісім-шарт жасамақ. Мониторингтік топтар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп нан бағасын 80 теңгеде сақтаймыз дейді. Нәтижесінде әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағыдан төмен болмақ.

Қайрат Базарбеков, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, сауда бөлімінің басшысы:

- Бұл ретте арнайы жұмысшы топ құрылып, құзырлы мекеме басшыларының қатысуымен нанның шығындар бағамы қайта қаралып, нанның дүкенге жеткізілу бағасы 75 теңге, дүкеннің үстеме ақысы 5 теңге көлемінде белгіленіп, тұтынушыға 80 теңге көлемінде белгіленіп отыр.