427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шахтинскіде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды

  • 125
  • UPD: 11:24, 13.05.2021
Шахтинскіде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды

Шахтинскіде зейнеткерді тонап кеткен адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Шахтинск Пб-нің патрульдік полиция взводының жасағы жетті. 81 жастағы жәбірленуші дүкеннен қайтып бара жатқан уақытта белгісіз біреу кенеттен жүгіріп келіп, қолындағы азық-түлігін, ақшасы бар әмиянды жұлып алып, қашып кеткен. Шығын мөлшері шамамен алты мың теңгені құрайды.

Патрульдік полиция қызметкерлері 42 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, полицейлер заттай дәлелдемелерді – тамақ пен әмиян салынған сөмкені алып, жәбірленушіге қайтарып берді.

ҚР ҚК-нің 191 бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы