426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін бекітті

  • 137
  • UPD: 11:01, 13.05.2021
Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін бекітті

Бейнеконференция форматында Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-ші отырысы өтті.

Отырыс Тәжікстан Республикасы энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзодтың төрағалық етуімен өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов басқарды. Өзбекстан Республикасынан су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Түркіменстан Республикасынан Су ресурстары мемлекеттік комитетінің бірінші орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты.

Кездесу барысында 2020-2021 жылдардағы вегетацияаралық кезеңнің қорытындылары қаралды, сондай-ақ елдердің су тарту лимиттері бекітілді және 2021 жылғы вегетациялық кезеңге арналған Нарын – Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс режимдері қаралды.

Сонымен қатар Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Түркменбашы қаласында өткен ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінде айтылған ұсыныстар мен бастамаларды орындау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Тараптар ХҚКК жұмысы шеңберінде өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастықты нығайта түсетін болады.

Ақпарат көзі: ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы