Алакөлге қатынайтын қосымша пойыздар қосылады

Алакөлге қатынайтын қосымша пойыздар қосылады

Алакөлге қатынайтын қосымша жазғы пойыздар іске қосылады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

1) 2021 жылдың 17 маусымынан бастап №457/458 «Семей – Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі.
2) 17 маусымынан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» пойызы күнара қатынайды. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі.
3) 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.

Бұдан бөлек, курорттық аймаққа аптасына 2 рет қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр-Сұлтан – Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан – Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай – Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін №21/22 «Қызылорда – Семей» пойызы құрамындағы «Алматы – Достық» қатынасындағы тікелей вагон бар.