Ақтөбе облысындағы шошқа фермасына 7 млрд-тан астам теңге айыппұл салынды

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасына 7 млрд-тан астам теңге айыппұл салынды

Өңірдегі экология департаменті мамандары жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында аталмыш серіктестіктің қоршаған ортаға залал келтіріп, заң талаптарын сақтамағаны әшкере болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда мал сою цехынан шыққан жануар және тұрмыстық қалдықтарды көміп келген. Нәжісті де арнайы орыннан тысқары жерге төккен. Жобалық қуаты 40 мың доңызға арналған фермада 11 мың бас артық ұсталған. Бұл қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің асуы боп отыр. Су қорына да келген шығын көлемі аз емес. Тексеру барысында ағынды суды тазарту тиімділігін арттыратын арнайы жабдықтың жоқ екені мәлім болды. 

Халима Оразова, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз хатшысы:

– Мемлекет кірісіне «Парижская кломунна-21» ЖШС-нен 7 027 459 824 теңге экономикалық залал, сонымен қатар 210 823 795 теңге мемлекеттік баж өндірілді. Сот шешімі қазіргі таңда заңды күшіне енген жоқ.