Үнді шайы қымбаттауы мүмкін

Үнді шайы қымбаттауы мүмкін

Үндістандағы эпидахуалдың ушығуына байланысты үнді шайының құны қымбаттауы мүмкін.

Өйткені коронавирус індеті өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі шай өсіретін Ассам штатының 90 плантациясында тез тарап барады.

Плантацияларда 500-ден астам адам вирус жұқтырған. Мамандар жағдай оңалмаса шай өнімі уақытылы жиналмай қалуы мүмкін деп дабыл қағады.

Есесіне оның нарықтағы құны да шарықтап кетуі мүмкін. Сарапшылар коронавирус індетінен бөлек өңірдегі қуаңшылық та жағдайды қиындатып тұрғанын алға тартады.

Айта кетейік, елде вирус әлі де дес бермей тұр. Елде бір күнде 300 мыңнан астам науқас тіркелген. Пандемия басталғалы Үндістанда 24 млн астам адам дертке шалдыққан. Ал кеселден көз жұмғандардың қатары 270 мыңнан асты.