Балалар қайда ойнайды?

Ақтөбеде ойын алаңдары жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баласының жазғы демалысын ойлаған ата-аналар алаңдай бастады. Базыналарын билікке қанша айтса да, нәтиже болмай тұр. Амалы таусылған тұрғындар шағымдарын әлеуметтік желіге жазды. Қалада ойын алаңдарын салуға бірнеше жылдан бері қаржы бөлінбеген. Билік демеушілерден көмек сұрайды.

Бейнежазбадағы ойын алаңы қаладағы мөлтек аудандардың бірінде орналасқан. Тұрғындардың балалар үшін ойнайтын орын сұрап, жергілікті билікке өтініш айтып  жүргендеріне біраз болған. Себебі, өткен ғасырда жабдықталған алаңда тек қисайған турник пен түсі өңген  орындықтар қалған. Ал, қоршауларының жартысы жоқ. Амал жоқ, балалар ауладағы  кәрі ағашқа  мініп ойнайды.

Олга Рунец, қала тұрғыны:

Балалардың ойнайтын жері жоқ. Тіпті оларға қиын-ақ, балалақшалар толыққанды жұмыс істемейді, қасымдағы стадионға кіргізбейді. Ал көрші үйлердің ауласындағы ойын алаңына барса, ол жақта күні бойы бала көп. Әткеншек, турнир, сырғанау және тағы басқалары босамайды)).

Бақытжан Шәкиев, қала тұрғыны:

Ашық тесік машина кіреді. Балалардың ойнайтын жері. Сосын мына плащадкамызды асфальттап берсе. Неше жыл болды айтып жатырмыз ғой. Ретке келтіру керек ауланы.

Қаланың тағы бір бөлігіндегі 4 үйдің тұрғындары да ойын алаңын армандап жүр. Балалары басқа үйлердің ауласына ойын іздеп кетеді. Біраз жыл бұрын қойылған темір қайық пен пойыздың тозғаны соншалық, балалар талай құлап жарақат алыпты.

Гүлнар Күркенбаева, қала тұрғыны:

Былтыр немерем құлап қалды. Ана жердегі поровозиктен құлады. Қайтадан аяғын ауыртып алды. Биыл басына зақым алды. Өйткені мына жерде ойнайтын жер жоқ. Біз былтыр арыз бердік. Келі адамдар, жағдайымызды көрді. 

Бүгінде қала бойынша ойын алаңдарына қатысты 400-ден астам арыз жиналған. Оның ішінде құрып беруді күтіп жүргендер көп. Жауапты мекеме өкілдері болса тұрақты түрде қаржы бөлінбейтынын айтады. Қала бойынша 700-ге жуық аулада балалардың ойнайтын жері жоқ. Ал қоғамдық орындардағы алаңдардың жағдайын бақылау биыл қолға алынбақ.

Жанболат Құсмұхамбетов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Биыл Алматы және астана әкімдіктері тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен ойын, воркаут және футбол алаңдары тексеріледі. Нәтижесінде біз қажетті жөндеу жұмыстарына қаржы сұрауды жоспарлап отырмыз. Ол үшін сметалық құжаттарды дайындаймыз.

Балалар үшін былтыр ондаған ойын алаңы жабдықталған. Биыл тағы біразын салып береміз, дейді жауапты мамандар. Оған демеушілердің де көмегін тарту көзделіп отыр.

Авторлар: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев