Елімізде бал экспорты бәсеңдеп қалды

Былтырдан бері елімізде бал экспорты бәсеңдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты себеп – пандемия. Алайда омарташылар бұл саланы дамытуда бірқатар өзекті мәселе бар екенін айтады. Алдымен субсидия беруде кедергі көп. Сосын еуропалық стандартқа сай зертхана салып, экспортқа қатысты құжаттарды реттеу керек. 

Алатайдың алты ай қысанан кейін аралар тіріліп, ұяларға бал жинауды бастаған. Әзірше омартышлар тәтті сусынмен қолдан қоректендіріп жатыр. Бұл шаруашылық бал жинаумен қатар араны өсіріп, экоспортқа да шығарады. Облыстағы отбасылық омарташылар да жыл сайын жинаған балын осы шаруашылыққа өткізеді.

Олжас Керейхан, тілші:

Омарташылардың айтуынша, бір ұяшықта шамамен 50 мыңдай ара болады. Олар мынадай бөлек-бөлек тақтайшада бал жинайды. Қазір қыстан соң тіріліп жатыр. «Карпат» деп аталатын араның бұл түрі Алтайда өсіріледі. Енді жақын күндері бұл шаруашылық Монғолияға 600-700 ұяшық экспорттамақ.

Елімізде бал өндірудің әлеуеті өте зор. Бірақ бұл салаға мемлекеттен бөлінетін қолдау қаржыға омарташылардың өзі күліп жүр.

Валерий Қасымбаев, Республикалық омарташылар қауымдастығының төрағасы:

Әр ұяшыққа 5 мың теңге. Оны бергеніне де құдайға шүкір дейміз. Әрине субсидия сомасы өссе омарташыларды ынталандырар еді. Шаруашылық кеңейсе, өнім көлемі де артары сөзссіз. Ал былтырдан бері балды экспорттау мәселесі өте қиындап кетті.Бал тиген көліктер шекараға барып 30-40 күнге дейін қаңтарылып тұрады. Тек автокөлік емес, теміржол да солай. Өйткені кеденде кедергі көп.

Кедендегі кедергі пандемия тарғаннан бері тіпті қиындап кеткен. Бірақ ол облыстағы омарташылардың жұмысына көп кедерегі келтірген жоқ. Жыл сайын елімізде 8-10 мың тонна бал жиналады. Былтыр 7,5 мың тонна өнім алынған. Бірақ эксопорт мәселесі көңіл көншітпей отыр. 2020 жылы 150, 2019 жылы 350 тонна эксортталған. Өткен жылы Алтай балы Қытай, АҚШ, Біріккен Араб әмірліктеріне жіберілген. Экспорт бағасы 4 тен 20 доллар аралығында. Жалпы елімізде ара өсірумен ірі 100 шаруашылық шұғылданса, оның 5-і ғана шетке бал жөнелтеді.

Бұл шағын зауыт жыл сайын 3,5 мың тонна балды өңдеп экспортқа дайындайды. Бірақ омарташылар үшін осы салада әлі дұрыс шешімін таппаған бірқатар мәселе бер.

Игорь Рукавицын, бал өңдеу зауытының директоры:

Қазір ең өзекті мәселенің бірі балды дәрілік бағытта пайдалану. Әрине бұған Еуропа елдерінің ықыласы ауып отыр. Алайда ол өте қымбатқа түседі. Бір сынаманы алып зертханалық тексеруден өткізу 2,5 мың еуро тұрады. Ал мұндай зертхана Қазақстанда жоқ. Сондықтан біз балға биологиялық және бактерологиялық сараптаманы Қытай мен Германияда жасатып келеміз. Екінші мәселе шетке шығару кезінде жол шығыны.

Бірнеше жыл бұрын жол шығынының 50 процентін мемлекет қайтарып беріп келген. Ал былтырдан бері 30 процентке азайған. Ал қазір асыл тұқымды ара ұстайтын омарташының әрі ұясына мемлекет 5 мың теңгеден субсидия төлейді.

Владимир Гайламазян, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:

– Менің ойымша нәтижелі жұмыс істеп бал өндіріп отырған өндіріске төлеу керек. Қазіргідей омартаның ұясына емес. Өйткені ара биыл болса, келер жылы жоқ болуы мүмкін. Сондықтан дайын өнімге субсидия берілсе нәтиже болады.

Нәтиже болу үшін араға селекциялық жұмыс та бірге жүруі тиіс. Бұл сапалы бал алуға септігін тигізеді. Жалпы елдегі жыл сайын өндірілетін 10 мың тоннаға жуық балдың 1 мың тоннасы экспортқа шықса омарташылар үшін үлкен олжа.

Авторлар: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...