Ақтауда қасбеті құлаған үй қала әкімдігінің есебінен қайта қалпына келтіріледі

Ақтауда сыртқы қаптамасы құлаған үй қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті бөлімдерге жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, тұрғын үйді жөндеу тапсырылды. Аталмыш жұмыстарға қаражат қала әкімдігінің бюджетінен қарастырылады.

Еске сала кетейік, осыдан бір неше күн бұрын Ақтауда көп қабатты тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлап, газ құбыры бүлінген. Зардап шеккендер жоқ.