Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі – Бекшин

Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі – Бекшин
Kazakhstan Today

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қалалықтарды шектеу шараларын сақтауға шақырды.

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінде қаланың әлі де «қызыл аймақта» екенін, мутацияланған штамдардың 84%-ке дейін тіркелгенін еске салды.

«Оның үстіне, мамыр айының соңғы аптасында жұқтырудың төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 290-300-ге дейін азайған», – деп хабарлады Ж.Бекшин.

Алматының бас санитарлық дәрігері тәуліктік өсімнің 3 есе дейін азайғанын, ауру көрсеткішінің соңғы 7 күнде 7,7%-ке төмендегенін атап өтті.

«Мамырдың ортасында симптомды сырқаттар қатары азайды, олардың 10%-ке дейін төмендегені байқалды. Алайда КВИ-дің симпомсыз формасын жұқтырушылардың тіркелуі 12%-ке дейін өсті», – деп жалғастырды Ж.Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20%-тік иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-і вакциналанған және 5%-і соңғы жарты жылда ауырып жазылғандар.

Сондықтан Ж.Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.