Елордада көліктің өртенуі жиіледі

Елордада көліктің өртенуі жиіледі

Елордадағы сауда орталығының алдында көлік өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отты санаулы минутта сөндіріп үлгірді.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметі мен полиция тұрғындарға сақ болу керектігін осындай сценарий арқылы  көрсетті.

Айта кетейік, биыл бас қалада 106 көлік өртеніп кеткен. Бұл өткен жылдың 5 айындағы көрсеткіштен 2 есе көп. Көліктің өртенуі негізінен электр желілеріндегі ақаулар мен қосымша қондырғыларды қауіпсіздік талаптарына сай орнатпау себеп дейді мамандар. 

Ажар Рүстемова, қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары:   

- Өрттің алдын алу үшін бірінші іс-әрекет – бұл профилактикалық жұмыстар. Жадынама, нұсқаулық өткіземіз. Әңгемелесеміз, кездесулер өткіземіз. Халыққа қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізіп, өрттің алдын алуға тырысамыз.