Түркістан облысында жоғалған туристерді іздестіру жалғасып жатыр

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздестіру жалғасып жатыр

Түркістанда тауда жоғалып кеткен екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару жасақтары 5-тәулік қатарына 6 мобильді топқа бөлініп, шатқалдарды аралап жүр.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Өгем тауы өзенінің жағасында да іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар тауда түнейді. Осы күндері олар мемлекеттік парктің 40 000 гектар жерін жаяу жүріп тексерді. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем мемлекеттік паркін айналып өтті.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан полиция, құтқарушылар, шекарашылар, парк қызметкерлері жоғалған екі туристі тірі деп үміттеніп, іздеуді тоқтатпайды.