Ақтөбеде көптен күткен ойын алаңы ашылды

Ақтөбеде көптен күткен ойын алаңы ашылды

Ақтөбеде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ойын және спорт алаңы қолданысқа берілді, деп хабарлайды  «Хабар 24»

Демалыс орнын таңдау мен қажетті жабдықтар тізімі жергілікті тұрғындардың өтінішіне сай жасалған. Жапсарлас орналасқан саяжайлардың арасынан бой түзеген заманауи алаңқайға 20 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Жалпы Ақтөбе қаласында мұндай 10 жоба жүзеге асырылуы тиіс. Ойын және спорт алаңдарынан бөлек, саябақтарды абаттандыру да қарастырылған.  

Саят Убиналин, оқушы:

− Жаңа алаң ашылғанына рақмет. Мен енді осы жерде күнде футбол ойнаймын. Күшті алаң, қақпасы да жақсы, газоны ыңғайлы.

Бисембай Дүзелбаев, қала тұрғыны:

Мен осы жерде он жылға тарта тұрамын. Он алтыншы жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселеміз еді. Біздің болашағымыздың әр күлкісі, әр қуанғанының өзі біз үшін бақыт.