COVID-19: «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды

COVID-19: «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды

Елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұған дейін елордамен бірге қызыл аймақта болған Қарағанды облысы «сары аймаққа» өтті. Қарағандымен қоса Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары да «сары аймақта тұр». Ал өзге өңірлер «жасыл аймақ» саналады.