«Махамбет» пен «Исатай» Каспийге аттанды

«Махамбет» пен «Исатай» Каспийге аттанды

Оралда «Исатай» мен «Махамбет» атты су жаңа катерлер суға түсірілді.

Бұған дейін кеме құрастыру зауытында тек шекара қызметіне арнап 27 су көлігі жасалған еді. Жеңіл салмақты қос катер «Қайсар» үлгісіне жатады. Ұзындығы –14 метр, ал салмағы – 15 тонна. Жылдамдығын сағатына 70 шақырымға дейін арттыра алады. Зауыт жұмысшыларының айтуынша, басқару бөлмесінде ең соңғы үлгідегі навигациялық жабдықтар орнатылған. Қос батырдың есімін иеленген су көліктері енді Каспий теңізіне аттанып, жағалау қызметіне зор үлестерін қоспақ.

Сабыр Хасанов, ҰҚК Шекара қызметі департаменті басшысының орынбасары:

– Өте керек катерлер. Себебі тек теңіз емес, жағалау маңындағы аумақтарға да пайдаланылады. 15 тонналық, экипажы 4 адам. Шағын болғанымен, теңізде 3 күндей өзі жүре алады. Тайыз жерде де, үлкен кемелер жүре алмайтын жерлерде де жұмыс атқара алады.