Төрт оқушыны қағып кеткен жүргізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Төрт оқушыны қағып кеткен жүргізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы облысының Қорам ауылында алкогольдік ішімдік ішіп, УАЗ автокөлігімен төрт оқушыны қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбекшіқазақ ауданының №2 соты Әсет Демесіновті 10 жылға бас бостандығынан айырды. Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 2 наурызда болған еді. 54 жастағы мас жүргізуші жол жиегінде тұрған 4 оқушыны қағып кеткен. Салдарынан 9-10 жастағы екі оқушы қыз ауруханада көз жұмды. Жүргізуші кейін айықтырғышқа жабылып, уақытша ұстау абақтысына қамалған болатын. Енді ол өмірінің 10 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. 

Айнұр Балтақайқызы, еңбекшіқазақ аудандық №2 сотының судьясы:

- Өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар бас бостандлығынан айыру жазасын өтеу мекемесі қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі белгіленді. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.