Ақсуда велосипедші баланы көлік қағып кетті

Ақсуда велосипедші баланы көлік қағып кетті
pavlodarnews.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 17:10-да Павлодар облысы Ақсу қаласындағы Строителей көшесіндегі үйге қарама-қарсы «ВАЗ 21112» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойында рұқсат етілмеген жерде велосипедпен келе жатқан баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды», – делінген хабарламада.

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.