Оралда жаз мезгілінде оқушыларға 42500 теңге төленеді

Оралда жаз мезгілінде оқушыларға 42500 теңге төленеді

Оралда жаз мезгілінде жоғары сынып оқушыларына 42 500 теңге төленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін жасөспірімдер ерікті түрде мектеп жұмысына араласуы қажет. Қазірдің өзінде 700 бала қатарға қосылған. Олар аулаларды абаттандыруға, іс-қағаздар мен кітапханаларды реттеуге көмектеседі. Балалардың қауіпсіздігіне білім беру мекемелері жауапты. Еңбек шартына сәйкес оқушылардың жұмыс уақыты жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Жоба арқылы жасөспірімдердің демалыс уақытын тиімді пайдаланып, еңбекқорлыққа баулу көзделген. Еңбек маусымы қыркүйекке дейін жалғасады.

Нұрсұлтан Қуанышқалиев, оқушы:

- Жоғары сыныптар үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Мектептің жеңіл жұмыстарын атқарып жатырмыз. Гүлдердің арамшөптерін жұлып, жеміс ағаштарын баптап, сонымен қатар кейбір оқушыларымыз мектептің ішіндегі кітапханада кітапханашы апайымызға көмектесіп жатыр.

Анаргүл Меңдіғалиева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

- ҚР Еңбек кодексінің 31, 69-тармақтарының орындалуы бойынша педагогтар ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен 7 мектепте «Мектеп. Алма бақ. Оқушы.» жобасы бастау алды. Бала қауіпсіздігіне мектеп жауап береді.