Алматыда 8 жасар баладан үнді штамы анықталды

Алматыда 8 жасар баладан үнді штамы анықталды
Almaty.tv

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырудың екінші жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір бізде 1983 жылы туған әйел мен 2013 жылғы бала бар. Қапіпті вирус жұқтырғандар Саялы жұқпалы аурулар ауруханасында орналасты. Олармен байланыста болған адамдарға қатысты ақпарат әлі жоқ», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.

Бұған дейін Алматыда 37 жастағы әйелден үнді штамы табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ үнді штамы қаншалықты қауіпті екеніне де тоқталғанбыз.