«Хабар 24» арнасының ұжымы марапатқа ие болды

«Хабар 24» арнасының ұжымы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы үздік материал» номинациясы бойынша марапатталды.

Алғыс хат арнаның шеф редакторы Жұрағат Баманға табысталды. Ал БАҚ басылымдарындағы үздік жарияланым жүлдесі «Атырау» газетінің ұжымына берілді. Марапат газеттің бас редакторы Назарбек Қосшиевке табысталды. Журналистер арасындағы «Аманат» байқауының лауреаттарын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев құттықтады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Кез келген қоғам үшін ақпараттың алар орыны ерекше екені белгілі. Сол себептен журналисттер қауымына жүктелер міндеттің жүгі ауыр.Осы ретте, осыдан екі жыл бұрын мемлекет басшысының тапсырмасымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілгенін атап өткен жөн.