Көкөніс сапасына көңіл бөліп жүрсіз бе?

Түркістан облысының шаруалары бір айдың ішінде 80 тоннаға жуық қауын-қарбыз жинады. Оның жартысынан көбін алыс-жақын шет мемлекеттерге экспортқа шығарса, қалғанын ішкі нарықта саудалауда. Ерте піскен қауын-қарбыз адам денсаулығына қаншалықты қауіпті? Уланып қалмау үшін нені білген маңызды?

Жетісайлық Намазбай Мырзалиев - тәжірибелі диқан. Бірнеше жылдан бері қарбыз егіп, пайдасын көріп отыр.  Биылғы жылы ауа-райы қолайсыз, көктем кеш шыққанымен ерекше күтіп, баптаудың арқасныда мол өнім жинады.

Намазбай Мырзалиев, Жетісай ауданының тұрғыны:

Урожай жылдағыдай, Россияға сатылып кетті. Күні кеше тағы бір машина жібердім. Бүгін, Құдай қаласа, екінші машинасын жіберемін. Менікі 2 га қарбыз. 50 тоннадан астам қарбыз береді. Ол ерте шығатын сұрып. 65-70 күндік.

Қауын-қарбыз тез піскен сайын бағасы да қымбат болады. Алайда шаруалар ерте пісіріп, мол табысқа кенелу үшін түрлі тыңайытқыш қосады. Ал ол тұтынушылардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан базарларда қауын-қарбыздың құрамын тексеретін арнайы зертханалар құрылған. Олар күнделікті сауда сөрелеріне шығарылатын тәтті шырындар, жеміс-жидектер мен көкөністерден нитратқа сынама алып, тексеріп отырады.

Нұргүл Өмірзақова, базардағы зертхананың меңгерушісі:

Бір қарбыздағы нитраттардың мөлшері 60 миллиграмнан аспауы керек. Оған 10, 24 мг, кг болады. Демек, құрамындағы нитраты аз өнімге рұқсат. Ал қауындікі 90 мг болуы керек. Оныкі 40-45 мг, кг мөлшерде болады. Егер мөлшерден асып кетсе, біз сатуға рұқсат бермейміз.

Мамандар құрамында нитраттың мөлшері жоғары өнімді, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге мүлдем тұтынуға болмайтынын айтады. Өйткені ол түрлі жүйке жүйесі мен жүрек-қантамыры, асқазан-ішек жолдары ауруларына әкелуі мүмкін.

Әйгерім Молдарахимқызы, облыстық СЭБ департаментінің Бас маманы:

– Қауын-қарбызды тұтынудың ең қолайлы уақыты – шілде мен тамыз айлары. Биылдыққа қарбыз немесе қауынмен улану оқиғалары тіркелген жоқ. Алайда бақша өнімдерін базар аумағында тұтыну кезінде ветеринарлық-такцикалогиялық зертханаға барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, талдау нәтижелерін алуға болады.

Алайда мамандар көптеген тұтынушылар базарға барғанда сатып алған өнімінің зертханалық нәтижесін талап етпейтінін айтады. Сондықтан сарапшылар базардан қауын-қарбыз немесе жеміс-жидек сатып алғанда саудагерлерден тауарлардың зертханалық тексеруден өткенін дәлелдейтін анықтама беруін сұрауды ескертеді.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашбекұлы