LRT құрылысы 2023 жылы аяқталады – Фу Сицзюнь

Елордада жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы 2023 жылдың шілде айында аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпаратты қытайлық мердігер компанияның басшысы Фу Сицзюнь растады деп жазған болатын «Экспресс К» порталы. Қазір халықаралық әуежайдан бастап Қабанбай батыр көшесіндегі айналма жолға дейінгі аралыққа қажетті техника мен жаңа конструкциялар жеткізілді. Қалалық көлік қызметінің мамандары қытайлық мердігер компания дайындық жұмыстарын пысықтап жатқанын айтады. Олардың ақпаратына сай қазіргі жұмыс кестесі пандемияға байланысты өзгертілген болатын.

Нұрсұлтан Ибраев, «СTS» ЖШС Қоғаммен байланыс қызметінің Бас менеджері:

– Қытайлық консорциумның мердігер компаниясы келісім-шарттағы міндеттемелерін орындап, дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Халықаралық әуежай мен Қабанбай батыр көшесінің айналма жолға дейінгі аралығы қамтылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты өзгертілген еді.