ШҚО-да мұздықтарға тікұшақпен шолу жасалды

ШҚО-да мұздықтарға тікұшақпен шолу жасалды

Шығыстағы шың басында қар мен мұздың еруінен пайда болған 146 көл бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таудағы бұл мұздақ-көлдер шілде айының басында ғана еріп, қыркүйек айының соңында қайта қатады. Осы екі айда кей жылдары тау өзендері кемерінен асып, етектегі елді мекендерге қауіп төнген болатын. Сондықтан көлдерді «Қазселденқорғау» облыстық филиалының өкілдері мен төтенше жағдайлар қызметі жерден және әуеден бақылау жүргізуде. Мамандар Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар аудандарын және Риддер өңірін шолып шықты. Биік таудағы қар қазір еріп кеткен. Тек солтүстік беткейлерде жұқа қар қалған. Көлдердегі мұздар да толық еріген.

Омар Дүзгенбаев, «Қазселденқорғау» РММ облыстық филиалының жетекшісі:

- Кешегі тікұшақпен ұшу сапарында барлық мареналық көлдердің бәрін тексеріп шықтық. Бүгінде барлық мареналық көлдер қалыпты жағдайда. Облыс бойынша сел қаупі тұрақты жағдайда.