Елордада теміржолшы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарды

Елордада теміржолшы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры П.Штурм «Жолаушылар тасымалы» АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Данияр Зиятқа суға батып бара жатқандардың өмірін сақтап қалғаны үшін «Алғыс хат» табыс етті.

Бұл оқиға мерекелік демалыс күндері болды. Данияр өзінің қыздарымен және жиенімен қыдырып жүрген. Олар «Сарайшық» көпірінен өтіп бара жатқанда Есіл өзеніне екі жасөспірім қыздың құлағанын көреді.

Әр секундтың маңызды екенін түсініп, ол көпірдің жаяу жүргіншілер баспалдағынан тез төмен түсіп, өзенге киімімен түседі.

«Мен осы сәтте екеуін бірге қалай құтқарып қалу керектігін ойладым. Қыздарды судан шығару үшін бар күш-жігерімді салдым», - деп еске алады Данияр.

Ол кез келген адам осылайша әрекет ететініне сенімді.