Елімізде коронавирусқа шалдыққан 815 адамның жағдайы ауыр – Денсаулық сақтау министрлігі

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 815 адамның жағдайы ауыр – Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 шілдедегі ақпарат жарияланды.


12 шілдедегі мәлімет бойынша 41 980 адам коронавирус инфекциясынан (40 545 КВИ+ және 1 435 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

13 568 пациент стационарда,

28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

815 адамның жағдайы ауыр,

189 пациенттің жағдайы өте ауыр,

126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.