«СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипат алды

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипат алды

Елордада «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін сот отырысында Ұлттық ғылыми орталық қызметкерінің жауабы тыңдалды. Райхан Мұсағалиеваның айтуынша, індет өршіген кезде алматылық дәрігерлердің қорғаныш құралдарымен қамтылмауы олардың вирус жұқтыруының басты себебі болған. Жаппай ауруға шалдығу дерегі мәлім болған соң жүргізілген зерттеу жұмыстары осыны көрсеткен. Қауіптің алғы шебінде жүрген мамандар тиісті 3 қорғаныш киімінің орнына біреуін жарым-жартылай күйде қолдануға мәжбүр болған. Сарапшының айтуынша, тіпті оны қайта-қайта ауыстырмас үшін жөргек киген.

Еске сала кетейік, Берік Шәріптің үстінен қозғалған іс Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық сотында қаралып жатыр. Оған «медицина қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен толық қамтымады» деген айып тағылды.