ШҚО-ның 194 елді мекенінде ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр

ШҚО-ның 194 елді мекенінде ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр

Шығыс Қазақстанның 194 елді мекенінде ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр.

Тал түстегі жағдай бойынша халықтың белсенділігі 50%-тен жоғары. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазір сайлау барысы бірқалыпты өтуде. Әрбір елді мекен бойынша дауыс беру көрсеткіші аумақтық сайлау комиссияларының интернеттегі парақшасында жарияланған. Сондай-ақ барлық сайлау учаскелерінде санитарлық қауіпсіздік сақталған, қоғамды тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ.