Қарағанды: сайлау барысын 391 байқаушы қадағалауда

Қарағанды: сайлау барысын 391 байқаушы қадағалауда

Қарағанды облысында саяси науқанның әділ өтуін 391 байқаушы мұқият қадағалап отыр.

Әзірге ешбір сайлау учаскесінде заңға қайшы әрекет тіркелген жоқ. Халықтың негізгі легі түске таман келген. Барлық учаскеде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Айта кету керек, дәл қазір өңірдегі 149 елді-мекенде сайлау өтіп жатыр. Онда тұратын 81 мың адам өз таңдауын жасайтын болады. Бұл жолы халық 75 ауылдың әкімін сайлайды. Ал үміткерлердің жалпы саны 257 болса, 42-сі келіншек. Басым көпшілігі өзін-өзі ұсынған. Үміткерлердің ең жасы 26-да болса, ересегі 62-де. Бәсекелестік өте жоғары. Бір орынға ең кемі 2 адамнан, кей ауылдарда тіпті 6 адамнан түсіп жатыр.

Айнұр Әбілова, байқаушы:

– Өтіп жатқан сайлау тарихи оқиға деп есептеймін. Ақтас кентінің тұрғындары таңсәріден бері келіп сайлауға қатысуда, өз таңдауларын жасауда. Әділ өтуде. Ешқандай үгіттеу, насихаттау болып жатқан жоқ. Тұрғындар өздері келіп, өздері дауыс беріп жатыр.