Семейде «Ядролық сынақтардан азат әлем» атты көрме ашылды

Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл көрмеге 20-дан астам мүсін қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жүргізілген сынақтардың нәтижесінде пайда болған небір зұлмат жағдайлар туралы сыр шертеді. Ағаштан жасалған бұл туындылардың авторы – Құрман Аймұханбетов. Ол көрмеге қойылған жұмыстарын 30 жыл бойы жасап, жинақтапты. Арасында «Ананың көз жасы», «Кемтар бала», «Полигонның екі басты куәгері» сияқты туындылары да бар. Аталған шараға белгілі суретшілер мен қарапайым қала тұрғындары қатысып, үлкен әсерге бөленіп қайтты.

Құрман Аймұханбетов, көрме авторы:

- Мен мына Семей полигонының аяқ астында жатқан қисық-мисық полигон сіңген ағаштарын көрем де, соны бейнеге айналдырамын және мына «15 жасар кемтар бала» деген мүсіннің материалын жаңағы өзім шағарып, эскизін жасап, шауып жасадым . Міне, мынау «40 жыл қорғансам да, полигонның қасіреті маған әсер етіп жатыр», дейді 3 аяқты кісі. Міне, 3 аяқты мынаны былай аударып қарасаңыз, ордалы жылан.., көрдіңіз бе екі жағынанда.