Түркістан облысында ковидпен ауырып жатқандардың басым бөлігі вакцина салдырмаған

Түркістан облысында ковидпен ауырып жатқандардың басым бөлігі вакцина салдырмаған

Түркістан облысында күн сайын 100-ден астам адамның ауру жұқтырғаны анықталып отыр. Науқастардың көбі вакцина салдырмаған. Қазір ауру жұқтырғандарға арналған екі мың орынның жартысынан көбі толып қалған. 72 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Алайда коронавирустың таралуы бойынша Түркістан облысы «сары аймақта».

Алтын Досанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 607 мың доза жеткізілген вакцинадан. Оның 94%- бүгінгі таңда егілген. Жалпы 569 мың адам бірінші кезеңнен өтті. Екінші кезеңнен 384 мыңнан астам адам қабылдады. Вакцинациялауды қамту проценті 1 кезең бойынша 60% құрайды облыс бойынша. Екінші кезең 41%.