Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны көне заманның өнерін жақсы меңгерген

Темірді иіп өрнек өреді. Солтүстік қазақстандық ұста Дмитрий Нападов көне заманнан келе жатқан өнерді дамытуда. Ауыл тұрғыны өзіне қажетті металды сатып алып, көздің жауын алатын түрлі бұйым жасайды.

- Это вот типа такого дракончика будет. Это тоже все с одного куска металла. 

Солтүстік қазақстандық Дмитрий Нападов темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін хас шебер. Он саусағынан бал тамған өнер иесі қолына тиген металды әп-сәтте әдемі бұйымға айналдырады.

- Вот щас будет получатся листочек..... 

Осылайша азамат өңірде ұмыт болып бара жатқан ұсталық өнерді тірілтуде. Металды мың градустық пеште қыздырып, балғамен пішінге келтіреді.

Дмитрий Нападов, ұста:

- Әрине станокта әр элементті дәлме-дәл келтіріп жасауға болады. Ал қолмен істегенде оның ләззаты бөлек.

Азамат үй маңындағы шағын ғана сарайды ұстаханаға айналдырған. Күні бойы жалғыз өзі осы жерде еңбек етеді. «Себебі от көсеп, көрік қыздыруға көп адам шыдай бермейді»,- деді ол.

Дмитрий Нападов, ұста: 

- Жастар қызығып келеді. Бірақ жұмыстың қиын екенін көріп, алған беттерінен айнып қалып жатады. Жасаған дүниелерімнің барлығы өз қиялымнан шыққан. Ешкімнен көшіріп, ғаламторға қарамаймын.  

Темірден түйін түйетін шебердің негізгі мамандығы дәнекерлеуші. Заттарын көбіне тапсырыспен орындайды. Қазір оның туындылары Қазақстаннан бөлек Америка, Түркия, Ресейге сатылған.

Сондай-ақ...