Түркістан облысында пара алған екі қызметкер ұсталды

Түркістан облысында пара алған екі қызметкер ұсталды

Түркістан облысында дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің екі қызметкері сотталды, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі өз қатарындағы бұзушылықтарға қарсы тұрақты күрес жүргізеді және кез келген құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кеседі. 

Агенттіктің Жеке қауіпсіздік департаменті Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттің екі қызметкерінің дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін пара алу дерегін анықтады.

Екі қызметкер Садықов пен Шораев, қызмет бабын пайдалана отырып, алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттарсыз және жалған есепке алу-бақылау маркаларымен сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегін жасыруға жәрдем көрсеткен.

Аталған тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы кінәсіз куәгерді әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, нақты кінәліге қатысты қылмыстық істі заңсыз тоқтатқан.

Қылмыстық істің деректерін бұрмалағаны үшін Садықов пен Шораев 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.

Қызметкерлер сотталды.

Ведомство Агенттік және аумақтық қаржылық мониторинг органдары қызметкерлері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерге тап болған жағдайда дереу +7 (7172) 708 478 телефонына қоңырау шалуды немесе dsb@afmrk.gov.kz поштасына жазуыңызды сұрайды.