Түркістанда науқастардың 93% – вакцина салдырмағандар

Түркістанда науқастардың 93% – вакцина салдырмағандар

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 2005 науқас ауруханада емделіп жатыр. Оның 7% ғана вакцина салдырған. 12 науқас екпенің қос компонентін алды. Ал жансақтау бөлімінде жатқан 82 адам екпе алмапты. Дәрігерлер вакцина салдырған арасында вирус жеңіл өтетінін айтады. Ауруханалардағы жүктемелерді азайту мақсатында өңірде мобильді топтар құрылған.

Райымбек Тасырбаев, қалалық емхананың бас дәрігері:

– Дәл қазіргі таңда облыс көлемінде 310 мобильді топ жұмыс атқарады. Оның құрамында 1 дәрігер мен екі мейірбике болады. Олар науқастың жағдайына қарап, егер де симптомдар бар болатын болса, тегін препараттарды сол жерде науқасқа тағайындап береді. Қосымша қажет болатын болса, қан алу сияқты зертханалық жұмыстарды сол жерде жасайды. Қазіргі таңда үй жағдайында 645 адам ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қалыпты.