Қазақ телевизиясының ардагері Қалыбек Атжан өмірден өтті

tengrinews.kz

Телевизия ардагері, белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды.

«Телевизия ардагері, белгілі журналист Қалыбек Атжан ағамыз өмірден өтті деген суыт хабар жетті. Қалеке – қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат. Оның әрбір сюжетінен ұлттық рух пен туған елге деген жанашырлық байқалып тұратын. Қалекең бірде «Бізге керегі халықтың арасында көбірек жүру» деген еді. Ол осы ұстанымынан айныған жоқ. Елмен етене болып, қашанда халқының сөзін сөйледі. Қалыбек ағаның жарқын бейнесі мен жасаған еңбегі әрдайым жадымызда сақталады. Қош болыңыз, қазақ телевизиясының Қара нары! Рухыңыз пейіште шалқысын», - деп жазды Қарин.