Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ке артты

Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ке артты
фото: tengrinews.kz

Елде коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс тұрғындардың 45%-і егілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елордада қауіпті вирус жұқтырушылар азайып, эпидахуал тұрақталып келеді. Бірақ республикадағы жағдай көңіл көншітпейді. Бір аптада ғана індетке шалдыққандар саны 10%-ке көбейді. Мемлекет басшысына телефон арқылы есеп берген Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Қазір өңірлердегі 328 медициналық нысанда 55 мыңнан аса науқас емделіп жатыр. Ауруханалардағы төсек-орындардың жартысынан көбі бос емес. Жансақтау бөлімдері де жартылай толы.

Бүгінгі таңда аймақтардағы 328 медицина нысанында 55 658 науқас емделіп жатыр. Республика бойынша ауруханалардағы төсек-орындардың 54%-інде, жансақтау бөлімдерінің 45%-інде науқастар ем қабылдауда.