Қостанай облысында вакцина салдырғандар 80% жуықтады

Қостанай облысында вакцина салдырғандар 80% жуықтады

Кейінгі он күнде Қостанай облысында 20 мыңнан астам адам ковидке қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы өңірде 271 мың 621 адам вакцина қабылдаса, соның 208 мыңнан астамы екі компонентін де алған. Алайда облыста індет жұқтырғандар саны күннен күнге өсіп барады. Мысалы, екі күн бұрын 264 адамнан ковид анықталса, кешегі тәулікте бұл көрсеткіш 271-ге жетті. Өңірде екі мыңнан астам инфекциялық төсек-орын бар. Бүгінде соның жартысында науқастар жатыр. Облыста вакцина қоры жеткілікті дейді мамандар.

Анжела Бексұлтанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Келесі аптада тағы қосымша вакцина алдыртамыз. Оның көлемі қажеттілікке байланысты болмақ. Одан бөлек, сәрсенбіде бірінші және екінші компонентті Спутник вакцинасының 35 мың данасын әкелдік. Қазіргі кезде облыста 181 егу пунктері жұмыс істейді. Қажет болса, оның да санын көбейте аламыз.