Қараша айында балабақшалар мен мектептерде балаларды улай бастайды – жалған

Қараша айында балабақшалар мен мектептерде балаларды улай бастайды – жалған
Sputnik Узбекистан

Telegram-да пайдаланушылар ағымдағы жылдың қараша айында балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақшаларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат талқылануда, деп хабарлайды Stopfake.kz

Бұл ата-аналарды балаларды КВИ-ге қарсы егуге мәжбүрлеу үшін жасалады екен. Бұл жалған.

– Бұл фейк ақпарат. Қазіргі уақытта мектептерде КВИ таратпау бойынша барлық шаралар қабылданды, 379 540 педагог пен мектеп қызметкерлері вакцинацияланды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96%-ы. Оқушылар арасында КВИ таралуына жол бермеу бойынша шаралар алгоритмі әзірленді, – деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, азот оксидін көзге көрсінбейтіндей шашу мүмкін емес екенін айта кеткеніміз жөн. Азот оксиді – өткір иісі бар қызыл-қоңыр, кейде қызғылт сары газ. Оны байқамау мүмкін емес. Бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.