Ақмола облысында ковид жұққан аяғы ауыр әйелдер саны артып барады

Ақмола облысында ковид жұққан аяғы ауыр әйелдер саны артып барады

Ақмола облысында вирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдердің саны артып барады.

Тамыз айының өзінде 1 жасқа дейінгі 100-ден астам баланың ауырғаны анықталып отыр.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жұқпалы аурулар орталығында бірнеше жүкті әйел ем алып жатыр. Ал олардың нәрестелерінен ауру белгілері байқалмаған.

Нариман Сыздықов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

- Қазір бізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 жүкті әйел бар. Олардың барлығы жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдап жатыр. Орталықта өткен жылдың 9 қарашасынан бастап ауру жұқтырған 84 әйел босанды. Биыл қауіпті індеттен көз жұмған бала болған жоқ.