Әскери бөлімшедегі жарылыстан зардап шеккен 6 адамның жағдайы ауыр

Жамбыл облысының әкімі жағдайға қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті.

Ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін 28 адам ауруханада ем қабылдаған. Ал облыстық бірыңғай диспетчерлік  қызметіне 473 өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі тұрғындардың эвакуациялануы мен әскери бөлімдегі қойманың жағдайы бойынша хабарласты. Қазір эвакуация орталықтарында 171 адам қалып отыр. Оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді. Апат болған аумақ тұрғындарына облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды