СҚО-да Чириковка ауылының халқы судың сапасынан үркіп отыр

СҚО-да Чириковка ауылының халқы судың сапасынан үркіп отыр

Солтүстік қазақстандықтар су ішуге үрейленіп отыр.

«Себебі тіршілік нәрін қайнатқан соң судың бетіне белгісіз зат пайда болады» дейді тұрғындар.

- Все жильцы поселка жалуются на появление при кипячении в виде силиконовой слизи.  

Бұл дерек Есіл ауданына қарасты Чириковка елді мекенінде тіркелген. Жергілікті тұрғындардың бірі видео түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Аталған фактіге байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ауылға барып, сараптама тағайындады. Мамандар әзірге оның не екенін айта алмай отыр. Сараптама қорытындысы үш күннен кейін белгілі болады.

Гүлнәр Жақсылықова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы: 

- Аталған ауылдың 900-ден астам халқы бар. Біз судың құрамын анықтау үшін санитарлық-химиялық, бактериологиялық және радиологиялық сынама алдық. Қазір ол зертханада тексеріліп жатыр. Әзірге нақты қандай да бір шешім айту қиын. Оның үстіне ешкім емханаға жүгінбеген.