Алматы полициясы Ақбұлақтағы атысқа қатысты мән-жайды баяндады

Алматы полициясы кеше кешке Ақбұлақ шағын ауданындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты брифинг өткізіп, мән-жайды баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, сот қаулысы бойынша үйді босатуға келген бес адам оққа ұшқан еді. Мерт болғандардың екеуі полиция қызметкері. Біреуі сот орындаушысы және оның көмекшісі. Үйдің жаңа иесі де қанды оқиға кезінде көз жұмды. Күдікті көп ұзамай қолға түскен болатын.