Астанада жол ережесіне бағынбайтындар көбейді

Астанада жол ережесіне бағынбайтындар көбейді

Елордада жол ережесіне бағынбайтындар көбейді. Салдарынан жол көлік оқиғасы жиілеген.

Қалалық полиция басқармасының дерегінше, жыл басынан бері шаһардағы 6 мың «Сергек» камерасы 800 мыңнан астам жол ережелерін бұзу дерегін тіркеген. 1000-нан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылса, 849 жүргізуші қамауға алынды. Көлікті мас күйінде тізгіндейтіндер көп. Жаяу жүргіншілер де жол ережесін жиі бұзады, дейді мамандар.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, самокат тізгіндеушілерге қатысты да бірыңғай ереже қажет. Себебі олар жүргізуші деп саналмайды. Сондықтан олардың жолда жүру ережелері заң жүзінде қарастырылады. Сондай-ақ қазір құзырлы орган жүк көліктерінің қала ішінде жүру тәртібіне қатысты арнайы ереже әзірлеп жатыр.

Бауыржан Тоғжұманов қалалық ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы:

- Жол жүру ережесіне сәйкес, жүк көліктеріне сол жақ шеткі қатармен жүруге тыйым салынады. Жұк автокөліктері шамамен 40-50 шақырым жылдамдықпен жүреді. Сондықтан осындай функция енгізілді.