Қарағандыда 20 жыл бойы пеш жағып келген көп қабатты үйлер орталық жылуға қосылады

Қарағандыда 20 жыл бойы пеш жағып келген көп қабатты үйлер орталық жылуға қосылады

Қарағандыдағы көп қабатты үйде 20 жыл бойына пеш жағып келген жүзге жуық отбасының баспаналары орталық жылуға қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылу келген соң ыстық су да болмақ. 5 бірдей үйді орталық жүйеге қосу жұмысы келер айдың аяғында толық аяқтуға тиіс. Қазір тұрғындар пәтерлеріндегі пешті шығарып, жылуға қосылуға дайындалып жатыр.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Ирина Серышева – іргесі 1972 жылы салынған бұл үйдің ең егде тұрғыны. «5 бірдей қабат үй 1993 жылдың аяғына дейін меншікті қазандықпен жылытылған», - дейді. Алайда сол жылдардағы тоқырауында оның жұмысы тоқтап, салдарынан тұрғындар жеке пеш салып, қала берді тоқ пешпен жылынуына тура келген. Бірақ одан келетін шығын зейнеткер үшін де, кейін көшіп келген Бейбіт сынды жас отбасылар үшін де өте қымбатқа түскен.

Бейбіт Жұмабеков, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Бұрын мысалы бір үйге 5-10 тонна көмір кететін. Әрқалай жағуына байланысты. Егер электр жылытқыш болса 35-45 мың теңге аралығында төлейтін болған. Егер орталық жылуға қосылсақ, отбасылық бюджеттің шығыны 50%-ке қысқарады деп ойлап отырмын.

Жоба «Нұрлы жер» және «ТКШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламалары бойынша қаржыландырылды. Әйтпегенде бір отбасының жылуға қосылу ақысы 700 мың теңгеге жуықтайтын еді. Қазір әр пәтердің батареялары ауыстырылып, орталық қазандыққа қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Данияр Дүйсенбаев, облыстық тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының басшысы:

- Үш жақты келісімшарт жасалды. Ол тұрғындар, өздері таңдаған мердігер және тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы. Келісімшарт негізінде қарыз 15 жылда қайтарылуы тиіс. Ортыша есеппен алғанда 2 бөлмелі үйі барлар ай сайын 2500 ал, төрт бөлмелі үйлер 5000 теңге шамасында төлеп отырады. Себебі 3 қабатты бір үйді толық орталық жылуға қосу пәтер ішіндегі шығындарды қоса есептегенде 17 миллион теңгеге жуықтайды.

Жалпы Қарағандыда әлеуметтік нысандарға жылу қыркүйектің 25-інен бастап беріле бастады. Ал, көпқ абатты үйлер ПИК өтініші бойынша қосылады. Жылу орталықтарында көмірдің 280 мың тонна, ал мазуттың 304 тоннаға жуық қоры бар көрінеді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев