Елорда мен Алматының кей жерлерінде 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестілеуден өткізіп жатыр. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетуде», – деді Бағдат Мусин.
