Жылдың үздік мұғалімі автокөлікке ие болды

Жылдың үздік мұғалімі автокөлікке ие болды

Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық орта мектебінің физика пәні мұғалімі Динара Бұхарбаева үздік атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру саласында 12 жылдан бері еңбек ететін ұстазға облыс әкімі автокөлік сыйлады. Жеңімпаз еңбек нәтижесі бойынша іріктелген. Ұстаз тәлімін алған шәкірттерінің көпшілігі мемлекеттік білім грантына ие болып, «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатыр. Өзге де мұғалімдердің еңбегі еленіп, Ыбырай Алтынсарин атындағы арнайы төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды. «Үздік педагог» аталымында жеңіске жеткен математика пәнінің мұғалімі Сүлейбек Қалибекке ақшалай сыйақы табысталды. Мектепке жаңа қабылданған 15 жас мұғалімге еңбек кітапшасы берілді.

Динара Бұхарбаева, «Жылдың үздік мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпазы:

– Менің болашақта әрі қарай кәсіби дамуыма септігін тигізетіні сөзсіз. Жалпы мемлекет тарапынан ұстаздарға көп қолдау көрсетіліп жатыр ғой. Соның ішінде баса атап өтетін болсам, «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Әрине мұның жүзеге асып жатқанын әр мұғалім сезінуде. Ең бастысы кез келген мұғалімнің шығармашылықпен айналысуына, өзіндік кәсіби дамуына еш кедергі жоқ.