Алматыда тіс дәрігерлерінің халықаралық конгресі өтті

Алматыда тіс дәрігерлерінің халықаралық конгресі өтті

Стоматологиялық ауруларды тиімді емдеу әдістері Алматыда өткен тіс дәрігерлерінің халықаралық конгресінде талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанда стоматологиялық емханалар негізінен ірі қалаларда шоғырланған. Ал ауылдық жерлерде маман жетіспейді. Әсіресе, балалар стоматологы, бет-жақ хирургтары тапшы. Дегенмен салада бірқатар іс атқарылып жатыр. Жиында терапиялық, ортопедиялық, хирургиялық, балалар стоматологиясы мен дентальды имплантология салаларын дамыту жайы көтерілді. Бұл конгресс Қазақстан стоматологтары қауымдастығының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Майра Көкбаева, Қазақстан стоматологтары қауымдастығының басқарма төрайымы:

– Қазір стоматологияда инновациялық технология кеңінен қолданылады. Ауруды асқындырмау үшін функционалды диагностикаға басымдық берілуде. Оның маңызы зор. Осыған байланысты конгресте 12 елден келген мамандар өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар пандемия кезінде медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға қатысты баяндамалар оқылды.