Жамбыл облысындағы жару жұмыстары 13 қарашаға дейін жүргізіледі

Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды. Бұл жолғы дүмпу Байзақ ауданындағы жарылыс болған жерден 12 шақырым қашықтықта тіркелді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қоймадан шығарылған оқдәрі фрагменттерін жару бойынша жұмыстар басталған көрінеді. Ол үшін тау ішінен арнайы қауіпсіз жер бөлінген.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарылыстар дүйсенбі-жұма күндері аралығында 13 қарашаға дейін жүргізіледі. Жергілікті билік маңай толықтай оқшауланған, елді мекендер мен тұрғындарға келер қауіп жоқ деп сендіріп отыр. Жарылыс кезінде оқдәрі қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Құзырлы органдар тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.